«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, Ақтөбе облысында 22 мен 28 сәуірінде кейде жаңбыр жауып, күн күркіреп, желдің күші 15-20 м/сек болатын, тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Түнгі температура +2+10-нан 0+5 градус Цельсия, күндіз +10+15-тен +15+24 дейін ауытқиды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК тиісті мемлекеттік органдарға соның ішінде ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне («Қазводхоз» РМК облыстық филиалы), ҚР ІІМ ТЖК, «Қазақстан өзендері алаптарындағы 2017 жылғы 1 наурыздағы жай-күй бойынша ылғал қорының жиынтығы мен күтілетін сулылық туралы» анықтама-консультацияға (бұдан әрі - анықтама-консультация) сәйкес, уәкілетті ұйымдармен тиісті шаралар қабылдану үшін, қар қорының едәуір көлемі нормадан 30-50% көп екендігі туралы уақытылы 2 ай бұрын хабардар етілді.
Ақтөбе су қоймасына судың келіп түсуі 220 млн. куб.метрді құрады (норма кезінде 179), нақты судың келіп түсуі 285 млн. куб.метр құрайды (2017 ж. 20.04. жай-күй бойынша).
Қарағалы су қоймасына судың келіп түсуі 250 млн. куб.метр құрады (норма кезінде 292), нақты судың келіп түсуі 156 млн. куб.метр құрайды (2017 ж. 20.04. жай-күй бойынша).
«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Серік Ибраев: «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, көрініп тұрғандай, бос сыйымдылығы 75 млн. куб.метр, Ақтөбе су қоймасына келіп түсетін су көлемі, 2017 ж. 01.03. жай-күй бойынша бос сыйымдылықтан 3 есе артық болды. Менің болжамымша, болжанып отырған ағын көлемін қабылдау бойынша өз жұмысын Ақтөбе облысының «Қазводхоз» РМК уақытылы орындағанда, су басу ауданы едәуір аз болар еді.
Облыс әкімдігінің кеңесінде Наметов мырза Ақтөбе су қоймасына келіп түсетін су көлемі 500 млн. куб.метрден асады деп баяндады, бұл әрине облыстағы қауырттылықты көтерді. Алайда, «Қазводхоз» Ақтөбе филиалы мамандарымен ұсынылатын күнделікті деректерге сәйкес, 2017 ж. 20.04. жай-күй бойынша Ақтөбе су қоймасына келіп түсетін нақты су көлемі 285 млн. куб.метрді құрады».
«Мен, су тасқыны кезеңінде барлық жауапты тұлғалар көріпкелдерді іздемей, жіберілген жаңсақтықты басқа ұйымдарға аудармай, өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді кәсіби орындаулары әсіресе маңызды деп ойлаймын.
«Қазгидромет» РМК ұсынылатын болжамдары үшін өздерінен жауапкершілікті алмайды және мемлекеттік органдарды, бұқаралық ақпарат құралдары мен тұрғындарды гидрометеорологиялық жағдайлардың өзгергендігі туралы оперативті хабардар етіп отырады. Барлық жауапты лауазымды тұлғаларға жұмыста жіберілген жаңсақтық пен қателер туралы ақпарат беруге батылдық танытып, басқалардың қалқасына тығылмауды ұсынар едем.
Осыдан басқа, Су ресурстары жөніндегі комитеттің төрағасы И.А. Әбішевтің қарамағында «Қазводхоз» РМК болып табылатын, Қазгидрометтің болжамдарын қате деп есептеу дұрыс емес деп хабарлады.
«Қазгидромет» РМК анықтама-консультациясынан басқа, наурыз бен сәуір айлары кезеңінде 3 дауылдық ескерту, соның ішінде «Қазводхоз» Ақтөбе филиалына Ақтөбе облысы өзендерінде сулылықтың ұлғаюы күтілетіні туралы берілді» деп атап өтті Серік Ибраев.
«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры қорытындысында, Ақтөбе мен Қарағалы су қоймасына келіп түсетін су тасқыны шыңының өткендігін қосты. Елек пен Қарағалы өзендерінің осыдан кейінгі сулылығына осы су қоймаларының жұмыс режімі әсер ететін болады.