Құлаған ұшақтың апат себептері анықталып жатыр

/uploads/thumbnail/20170708154522034_small.jpg

Алматы облысындағы құлаған ұшақтың ұшқыштар есімі белгілі болды.  Құлауының негізгі себептері әлі анықталмаған апат Көксу ауданы аумағында болған.  Оқу-жаттығу кезінде ұшақта болған экипаж мүшелері Талдықорған әскери базасының командирі Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов. Олар мінген СУ-27 әскери ұшағымен 23 қыркүйек,  кешкі сағат 8-ден 42 минут кеткенде байланыс үзілген. Тек бірнеше сағаттардан кейін ғана Көксу ауданының Жаңалық ауылына жақын маңнан ұшақ құлаған жер табылыпты. Көксу ауданының құмды-қыратты жеріне құлаған ұшақ нақтыланбаған деректерге қарағанда, жерге 15 метр тереңдікке дейін кіріп кеткен. Өйткені, оның жылдамдығы сағатына 1000-нан 2500 километрге дейін жете алады. Сондықтан, құлаған жері қазаншұңқыр болып ойылып кеткен.

31 арна жаңалықтары көрсетілімінде куәгерлер ұшақтың әуеде жанып кеткенін айтқан. Ұшқыш,  подполковник Ерлан Науанов Түркия республикасындағы НАТО-ның әуе қорғаныс базасында жоғары білім алған. Ол биыл, 7 мамырда  Астанада өткен Отан қорғаушылар күнгі шеруді Ерлан Науанов шәкірттерімен бірге өте күрделі, секундтың жүзден бір бөлігіндей дәлдіктермен іске асатын Нестеров ілмегін жасаумен аяқтаған еді.  Бірақ, арада 4 ай өткенде Ерлан Науанов пен Денис Горбунов мінген ұшақ жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Экипажды іздестіруге бүгін 4 тікұшақ пен 10 іздеу тобы жұмылдырылған. Әзірге екі ұшқыш туралы еш мәлімет жоқ.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар