Экс-футболист түрмеде өз командасының жеңісін естіп өз-өзіне қол жұмсады

/uploads/thumbnail/20170710034647595_small.png

27 жастағы Аарон Эрнандес адам өлтіру қылмысы бойынша  өмірлік бас бостандығынан айырылған болатын.

Мансабында біраз жетістіктерге жеткен Эрнандес 2013 жылы жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген, алайда өзінің тағдырына көңілі толмаған ол түрме камерасында өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Қамшы ақпаратық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Дәл сол күні оның бұрыңғы командасы Суперкубок марапатын Ақ үйде тойлап жатқан.

Полицейлер түрме камерасында оның 3 бірдей өлер алдында жазған хатын тапқан. Қайтыс болған спортшының жанында Інжіл  кітабы табылды.  Інжілдегі кейбір аяттар марқұмның маңдайында жазылған.

Мәліметтерге қарағанда, 27 жастағы Эрнандес  суицидті бір апта бойы жоспарлаған. Ол өзінің заттарын қасындағы камералас таныстарына таратып берген. Камерасының ішінде асылған күйде табылған Эрнандес тіпті еденді сабындап қойған. Егер шешімінен айнып қалар жағдайда жоспары іске аспай қалмас үшін солай жасаған. Камерасының есігін сырттан ашылмайтындай жасауға тырысқан.

   Өз-өзіне қол жұмсаған күні оның бұрыңғы футбол командасы өздерінің жеңісін тойлап жатқан.  Футболисттің жақындарының айтуы бойынша, оны біреу қасақана өлтірген. Себебі Ааронның өзін өлтіргісі келетіндей ешқандай себебі болмаған.

Ааронның ата-анасы балаларының миын зерртеуге  Бостон университетіне жіберуге шешім қабылдаған.

Қатысты Мақалалар