Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7, 10, 11-ші сынып оқушылары мектеп асханасындағы тамақтан уланып қалған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі КазТАГ-қа сілтеме жасап. Бастапқыда уланғандар саны 14 болса, қазір 19-ға жетті.
Алматы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент басшысы Ерғали Сыдыманов оқушылардың жағдайы туралы айтып берді.
«Қазір оқушылардың жағдайы ойдағыдай. Өздерін жақсы сезінеді. Жағдайлары қанағаттанарлық», - деді Ерғали Сыдыманов. Дәрігерлер де мұны растап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 20-шы сәуірде Талдықорған қаласында зияткерлік мектебінің 14 оқушысы гастроэнтерит диагнозы бойынша ауруханаға түскен. Оқушылардың нақты қай астан уланғаны белгісіз. Аталған жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстарын жүргізуде.