Қайтыс болған күйеуінің құлағына сыбырлаған әйелдің өмірі мәңгілікке өзгерді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710034702001_small.jpg

Американдық Кортни Хиллдің өміріндегі бақытты және қайғылы жағдайлар қатар жүрді. Күйеуі Брайан апатта көз жұмды. Ол Кувейт, Ирак, Ауғанстандағы соғысқа қатысқан. Брайанға сұрапыл соғыста емес, туған жерінде көз жұму бұйырған екен.

Брайан мен Кортни 2011 жылы танысқан. Бірнеше уақыттан кейін Реган есімді қыздары дүниеге келді. Брайан қайтыс болмас бұрын отбасылық жұп тағы да балалы болуда жоспарлаған.

Күйеуі қайтыс болған күні Кортни жүкті екенін білді. Жерлеу рәсімінде Кортни күйеуінің құлағына «Қамбаттым, біздің баламыз болады» деп сыбырлады.

Бір айдан кейін әйелдің іші қатты ауыра бастайды. Кортни түсік болуы мүмкін деп қорқып, дәрігерге барды. Онда әйел үшемге жүкті екенін хабарлаған. Кортнидің қуанышында шек болмады. Алайда тағдыр оған тағы да сынақ дайындап қойған екен. Жүктіліктің 25-ші аптасында үшемнің бірі ана құрсағында шетінеп кетті.  

«УДЗ-дің нәтижесі мұндай болады деп ойламадым. Мен үшін бұл ауыр соққы болды. Бұрынғы жарам қайта қанжылағандай болды» дейді Кортни.

Кортни балаларының біріне күйеуі Брайанның есімін бергісі келді. Алайда қайғылы оқиғадан кейін ол бұл ойынан бас тартты. Екі баласын Майлз және Харпер деп атады. Қазір Кортни екі қыз  бір ұлдың анасы.

 

Қатысты Мақалалар