Жапонияның министрі халық наразылығын тудырған пікірі үшін өз еркімен отставкаға кетті

/uploads/thumbnail/20170710041138741_small.jpg

Жапонияның апаттан кейін қалпына келтіру министрі Масахиро Имамура өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш білдірді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Министр жиында 2011 жылы цунамиден зардап шеккендерге қатысты пікір білдірген. Министр 2011 жылы болған апаттың материалдық шығыны 25 триллионға бағаланғанын айта келе, апат астанаға жақын маңда болмағаны жақсы болғанын, өйтпегенде шығын соммасы одан да көп болатынын айтқан. 20 мың адам көз жұмған апат туралы министрдің айтқан бұл пікірі халықтың наразылығын тудырған.  

Осыдан кейін Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ,  Имамураның айтқандары үшін халықтан кешірім сұраған.

Қатысты Мақалалар