Канн кинофестивалінде алғаш рет қазақстандық павильон ашылмақ

/uploads/thumbnail/20170710041308102_small.jpg

 Қазақстан павильонының ресми операторы –« Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы»  ҚБ  70-ші Канн халықаралық кинофестивалінде еліміздің киноиндустриясын ұсынбақ деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

 Бірінші Қазақстандық  павильон  Le Village International  кинонарығы аумағында Фестивальдер сарайының қасында болады.

Қазақстан Ұлттық павильоны –Канн кинонарығында қазақстандық   кинематографистердің  жұмыс істеуіне арналған алаңша. Оператор ретіндегі  киноакадемияның міндеті, еліміздің  киноиндустриясының қатысушыларына, оның ішінде : киноөндірушілерге, прокат жасаушыларға, рентал студияларға, киножелілерге павильонды пайдалануға  мүмкіндік туғызу, деді  киноакадемия  президенті  Рашид Нұғманов.

Ең алдымен  павильон аумағында кәсіби кездесулер өткізуге, фильмдер мен  жобаларды ілгерлету мен қызметтер  жөнінде  келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктер  берілмек.

 

Халықаралық  фестивальдерге қатысу Қазақстанның кино түсіретін ел ретіндегі имиджін күшейтіп, бірлескен жобаларға серіктес іздеуге көмектеседі, ел экономикасына ақша келуді қамтамасыз ету үшін республика аумағында шетелдік жобаларды іске асырудың келешегін қалыптастырады.

 Қазақстандық  киноиндустрия саласында еңбек етіп отырғандар павильон каталогына тегін  ақпарат орналастырып, таратуға  арналған  материалды, оның ішінде лифлеттер, брошюралар, флайерлер, өз фильмдері туралы трейлерді, жобалардың  тизерлері мен компания туралы бейнероликтерді  көрсете алады. Бейне материалдар павильонның LED экраны арқылы  2017 жылдың 17-28 мамыры аралығында үздіксіз көрсетілмек.

 

19 мамыр күні Францияның Ұлттық  кинематография орталығының алаңшасында Қазақстан павильонының ашылуына орай ресми қабылдау шарасы өтпек. Бағдарламада  камералық ішекті ансамбльдің сүйемелдеуімен Айман Мұсахаджаева мен Димаш Құдайбергенов өнер көрсетеді. Оған Канн кинофестивалі мен кинонарығының қонақтары мен қызметшілері,Франциядағы ҚР елшілігінің өкілдері, Көкшіл жағалаудағы муниципальды биліктер мен  кинокомиссиялардың  өкілдері шақырылған.

Қатысты Мақалалар