Қарағандыда екі жасар қыздың денесін өртеген ерлі-зайыптыларға үкім шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Қарағандыда екі жасар қыздың денесін пешке өртеген ерлі-зайыптыларға үкім шықты. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша (Адам өлтіру) айып тағылған Қарағанды тұрғыны Владимир Зеленыйды жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейді. Сот шешімі сай, Владимир Зеленый 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өлтірілген бүлдіршіннің анасы Ильяна Дроганды ҚР ҚК-нің 334-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Оны алты жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шықты
"Әкесі кішкентай Дроганның кеудесіне екі аяғымен секіріп өлтіргені анықталды. Аталған қылмысты әкесі жәбірленушінің анасының көзінше жасаған. Ол қызын құтқару үшін ешқандай әрекет жасамай, әкесімен бірге "Петушок" саяжай қауымына қонуға кеткен", — деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Исламхан Есенбаев.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың ақпан айында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, ерлі-зайыптылар екі баласымен бірге саяжайға бара жатады. Қарағанды мен Үштөбе ауылының арасындағы жолда тоңып қалған қыз қатты жылаған. Мас болған ер адам жылаған шуды көтере алмағай, бүлдіршінді қарға жатқызып, өлтірген.