Елбасы Ресей делегациясының алдында ыңғайсыз жағдайға қалды

/uploads/thumbnail/20170710041824372_small.jpg

Осыдан 1 жыл бұрын Елбасы Ресей делегациясымен кездескен еді. Сол жиында Астрахан облысының губернаторы  Александр Жилкин Нұрсұлтан Назарбаевқа Атырау- Астрахан тас жолының мүшкіл халде екенін айтқан еді. 

Айта кететін болсақ, Атырау-Астрахан тас жолында жолдың өте нашар болуына байланысты көптеген көлік апаты орын алған.

Аталған мәселені Ресей Федерациясының президенті Путин көтерген. Елбасының тапсырмасымен бұл құрылыс 2016 жылы ақпан айында басталып, құрылыс кезінде 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілуі мүмкін деп жоспарланған. Бірақ қазір тас жолға жөндеу жұмыстары жасалмаған деп пікір білдіреді Атырау облысының тұрғындары. Бұл тас жолдың бойында Атырау облысының Аққыстау, Чапаев, Ганюшкин секілді ауылдар орналасқан. Облыс тұрғындары жолдың жөнделмегендігінен ауылдар арасында көлікпен қатынау қиын екендігін жеткізді. 

Атырау обылысының тұрғындары Астрахан обылысына оқуға, сауда-саттықпен айналысу үшін жиі барады. Сондықтан бұл тас жолдың тезірек жөнделгенін қалайды жергілікті тұрғындар.  

Қатысты Мақалалар