Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 27 сәуірде Алматы қаласында «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері іс-шарасы аясында «Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұлттық-рухани тамырдан нәр алған ұлттық жаңғырудың қайнары - түркі жазуының өткені мен бүгінін зерделеуді мақсат етеді. Сонымен қатар отандық және шетелдік түркітанушы-ғалымдар өзара тәжірибе алмаса отырып, түркі жазба мұраларын зерттеуде соңғы жылдары қол жеткізген ғылыми табыстар баяндалады, түркі жазбаларын зерделеудегі өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру көзделеді.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға отандық және шетелдік (АҚШ, Түркия, Орта Азия елдері) түркітанушы-ғалымдар, қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, жас зерттеушілер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.
Іс-шара түркі мәдениеті мен өнеріне арналған мерекелік концертпен аяқталады.
|
Алматы қаласы, Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйі, Құрманғазы көшесі, 40.
«Ғылым ордасы» РМК-ның үлкен концерттік залы Құрманғазы көшесі, 29.
|
27 сәуір 2017 жыл сағат 10.00 – 13.00
сағат 18.00 – 20.00
|