Байқоңыр толықтай Ресей заңына тәуелді болды

/uploads/thumbnail/20170710041906529_small.jpg

Ресейдің Кеңес Федерациясы Байқоңыр мәртебесі жөнінде Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Онда қаланың ресейлік салық заңнамасына өтетіні қаралды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі Ресей Федералдық жиналысының басылымына сілтеме жасап.

Салықты өндіру мәселесі 1995 жылы қарастырылған, сол себепті қалада екі елдің де заңнамасы жүретін болады.

2016 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан мен Ресей қаладағы салық өндіру мәселесі жөнінде хаттамаға қол қойған. Атап айтқанда, қосылған құн салығы нөлдік ставкасын қолдануды көздейді.

Қазақстандық қалалардан Байқоңырға тауар кіргізгенде салық импорттаушы мемлекет, яғни Қазақстан ставкасы арқылы өндірілетін болады. Сондай-ақ бұл тауарлар Ресей Салық Кодексі енгізген ставкасы бойынша жанама салыққа жататын болады. Салықтар мен алымдары туралы заңнамаға сәйкес Ресей құзыретіндегі тауарлар Ресей аумағына әкелінгенде тауарларға салық төленбейді. Ал Байқоңырға жеткізетін болса, Ресей Салық кодекіне сәйкес салық өндіріледі.

«Осылайша, Байқоңыр аумағында қолданылатын қосарланған салық өндіру белгісіздікті жояды» деді Федерация Кеңесі Комитетінің халыралық істер бойынша мүшесі Анатолий Лисицин.

Қатысты Мақалалар