Содырлар Үндістанның Джамму және Кашмир штатына шабуыл жасады. Екі содыр ұсталды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі NDTV телеарнасына сілтеме беріп.
Қақтығыс әлі де жалғасуда. Қазір атыс жүріп жатыр. Джамму мен Кашмир штатындағы сепаратистер тәуелсіздік беруін талап етіп немесе Пәкістанға қосылғысы келетіндерін айтуда. Сепаратистерді жергілікті тұрғынардың жартысы белсенді түрде қолдап жатыр. Мәселен, жазда 2016 жылы Кашмирде үлкен наразалық шеруі өтті. Соның салдарына 90 адам көз жұмды, 12 мың адам зардап шекті.
Сәуір айының басында Кашмирдегі жағдай қайта ушыға түсті. 9-шы сәуірде тәртіпсіздік орын алып, 8 адам көз жұмды, 150-ден астам адам жарақаттанды.