Зағип жандар 3D түсірілімі арқылы УЗИ қорытындысын «көре алды» деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі dalaaadno.ru-ға сілтеме жасап.
Зағип жандар өздерінің балалары болатынын білгенде қатты қуанған. Альваро Зермиани мен Ана Сильвейра атты бразилиялық тұрғындар дүниеге келмеген балаларын УЗИ кезінде көре алмайтындықтарына қапаланған.
«Бар мәселе сәбиімізді көзбен көре алмағандығымыз емес, тіпті елестете алмауымызда»,-дейді Ана. Бірақ жаңа технологияның арқасында жас жұбайлардың арманы орындалды. Дәрігер Херен Вернер УЗИ-ді 3D түсірілімімен басып шығаруға көмектесті. Бұл жағдайға Рио-де-Жанейроның гинеколог мамандаары да атсалысқан.

«Мен басып шығарылған 3D түсірілімін қолыма алған сәттегі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің қолымда менің арманым болды, мен оны сезіне алдым»-, деп өз әсерімен бөліседі Ана.

«10 жыл бұрын Бразилияның ұлттық музейінде компьютерлік томография іске қосылып, 3D түсірілімі арқылы қаңқалар мен археологиялық ескерткіштерге тәжірбие жасала бастады. Сол кезден бастап УЗИ қорытындысының да 3D түсірілімін жасауға болатыдығын ойлай бастадым және оны іске асырдым»,- дейді дәрігер Херен Вернер. 2012 жылдан бастап бұл қызмет түрі зағип жандарға тегін көрсетіліп келеді.