Фейсбукте мектеп оқушысын айуандықпен ұрып жатқан видеосы таралды. Оқиға Канадада болған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, соққыға жығылған қыз 19 жастағы Серена Макей болуы мүмкін. Жексенбі күні қыздың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен. Екі сағаттан кейін оның денесі Виннипег қаласында табылған. Полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қайтыс болған Серенаның мектебінде оқитын екі кәмелет жасқа толмаған қыздарға екінші деңгейлі кісі өлтіру айыбы тағылды.