Атырау облысында екі жасар бүлдіршін суға батып, көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170710042126229_small.jpg

Екі жасар бүлдіршін бақса балалармен бірге Орал жағасының құлама жарында ойнап жүрген. Кенеттен жер опырылып, 2,5 жасар бала суға түсіп, тұншығып батып кеткен,деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі mgorod.kz-ке сілтеме жасап. 

“Оқиға орнына біздің аудандық бөлімшенің үш қызметкері барды. Сағат 10.25-те баланың денесі судан шығарылды”, — деп хабарлады “ЗРАОСО” ММ жетекшісі Бахтияр Қадырханов.

Оқиғаның куәгері жергілікті тұрғын құтқарушыларды шақырады.

“Ер адам балалардың жан дауысын естіп, бүлдіршінді қатты ағыс өзеннің ортасына алып бара жатқанын көреді. Біздің бекет ол жерден шамамен 500 метрде орналасқан. Құтқарушылар мотор қайығымен барып, баланы алып шығады, бірақ өкінішке орай, кешігіп қалды”, — деді Бахтияр Қадырханов

Қатысты Мақалалар