Бабаларының дәстүрлері кез келген мемлекеттің ажырамас тарихы болып табылады, оларды сақтау, қадірлеп қастерлеу әрбір азаматтың міндеті.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көптеген әдемі дәстүрлер қазақ халқында да сақталған, алайда қазіргі таңда көптеген жастар кейбірінің мағынасын дұрыс түсінбейді.
08.11.2016 жылы сағат 17:00 шамаларында Тараз қаласында бір топ жас балалар қызға күш қолданып, оның еркінен тыс үйлену мақсатында «Митцубиси Харизма» автокөлігіне отырғызып Т. Рысқұлов ауданына алып кеткен деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы прокуратурасының бұқаралық-қызметіне сілтеме жасай отырып.
Келіншектің көз жасы оларды тоқтата алмады, сол мезетте ол тіпті тұрмыста құрып қойған, бұл туралы ол алып қашушыларға да айтқан, алайда олар қызға сенбей оны әрі қарай Т. Рысқұлов ауданына алып кете берген.
Аяғында осы жас жігіттерге қатысты СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 125 бабының 2 бөлігі 1 тармағымен қылмыстық іс тіркеліп, бастамашы болған «күйеужігіт» 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
Тергеу барысында, көрсетілген азаматтар басқа қызды алып қашу үшін барғандығы және абайсызда тұрмыс құрған қызды алып қашқандығы анықталған, яғни «күйеужігіт» өзінің болашақ жарын мүлдем көрмеген де.
«Өкінішке орай Жамбыл облысында әлі де болса «қалыңдықты ұрлау» көзін жоймаған, бұл тіпті қыздардың келісімінсіз де жасалып жатады» - деп көрсетті Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов.
Ең өкініштісі, осындай жағдайға тап болған қыздар, «отбасының абыройын» түсіруден қорқып, тұрмыс құруға мәжбүр болады, тіпті бұрын көрмеген, танымайтын азаматпен де.
«Мұндай тұрмыс құрудың қорытындысы – кейбір отбасылар біраз уақыт өткеннен кейін ыдырайды, ал басқаларында әйелдер «күңнің» күнін кешуге мәжбүр» - деп хабарлады облыс прокуроры.
Басқа мысал, өткен жылдың қыркүйек айында Байзақ ауданының тұрғыны күш қолданып, 1992 жылы туылған азаматшаны ұрлап кетіп, кейіннен полиция қызметкерлерімен тұтқындалды.
Тергеу барысында көрсетілген азамат осыдан тоғыз ай бұрын қызды үйлену мақсатында ұрлағандығы, қыздың туысқандары оны өз күштерімен алып кеткендігі, бірақ бұл дерек бойынша полицияға арыз бермегендері анықталды.
Ең басты сорағысы, «болмай қалған күйеужігіт» әскери қызметкер болған, яғни әбден жеткілікті білімді азамат осыған барған, қазіргі таңда соңғысына қатысты қылмыстық іс сот қарауында, бұл әскери қызметкер өзінің мансабына балта шабумен қатар, нақты бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қыз баланың еркінен тыс, неке құруға мәжбүрлеу біздің дәстүрімізге және дінімізге жат нәрсе болып табылады, сонымен қатар, заңға қайшы және бұл мүшкіл жағайдаға алып келуі мүмкін.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде, мұсылман халқы араларында және жалпы Шығыста әйел затын жоғары құрметтейтін, сыйлайтын біздің қазақ халқынан басқа бәлкім халық табылмайды деп атап кеткен.
Осыған орай, біз жастар арасында қыз балаларды өз еркінен тыс алып қашу, тіпті ол іс-әрекеттерін «бекзатты мақсатта» жасалады деп ойлаған жастарға, оның қылмыс екені, жастардың мұндай ойланбаған әрекеттер жасаудан сақтау, сонымен қатар ол әрекеттер өздерінің және өзге адамның өмірінің шырқын бұзатыны туралы заң түсіндірме жұмыстарын жүргізуді дұрыс деп санадық.