Cоңғы 16 жылдың ішінде Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі екі есе азайды

/uploads/thumbnail/20170710042210234_small.JPG

Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын іске асырудың  барысы туралы өткен  «Нұр Отанның» партиялық тыңдауында  осындай мәліметтер жария етілді.

            Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары соңғы 16 жылдың ішінде Қазақстанда жұмыссыздықтың екі есеге азайып, атап айтсақ – 13 пен 5 пайызға төмендегенін тілге тиек етіп,   бұл өз кезегінде Елбасының әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімділігінің айқын дәлелі болып табылатынын жеткізді. Аталған көрсеткіш бойынша біздің республикамыз Еуропа Одағынан  (8,2%), Украинадан (9,7%), Қырғызстаннан (8%), Бразилиядан (12%), Ресейден (5,6%) озып, АҚШ пен Ұлыбританияның  (4,8%) көрсеткішіне жақындап қалды.

            «Шет елден және бюджеттен сан миллиардтаған қаржылар тартылып, жаңа зауыттар мен кәсіпорындар ашылып, инновациялық технологиялар енгізілуде. Дәл осындай уақытта бізде 445 мың жұмыссыз тіркелген. «Нұр Отан» партиясы мен үкімет бұл проблеманы шешуі тиіс», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед. 

Қатысты Мақалалар