2017 жылдың 28 сәуір сағ. 15.00 «Rixos President Astana», қонақ үйінің Жерұйық залында 200-ден астам қатысушыларды біріктіретін «Жасыл Қазақстан» атты «Жасыл» экономика көшбасшыларының І Республикалық Форумы өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Форум «жасыл» технологияларды пайдаланудың тиімділігі мен «жасыл» бизнесті жүргізу мәселелеріне қоғамдық көңілді аудару мақсатында «жасыл экономика» саласындағы жетістіктер көрсетілетін сарапшылық алаңға айналады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей «жасыл» бизнес экономикалық тұрғыда өте тиімді.
Форумның қонақтары ретінде ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктер мен водомстволар, даму институттарының, ғылыми және бизнес-қоғамдастықтардың, экологиялық және үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері шақырылды.
Форум бағдарламасы төмендегіні қамтиды:
- «Online EXPO» республикалық байқауы жеңімпаздарын, ғалымдар мен инноваторлар көрмесін ұйымдастыру және өткізу. «жасыл» технологиялар мен тәжірибиелер көрмесін ұйымдастыру;
- «Жасыл баспасөз» республикалық байқауының жеңімпаздарын келесі бес номинация бойынша марапаттау –және «үздік телехабар»; «үздік телесюжет» «үздік радио бағдарлама»; «газеттегі үздік мақала»; «үздік Интернет-ресурстағы ақпарат».
- Келесі үш номинация бойынша «жасыл» экономика саласында «Жасыл экономика үздіктері» номинанттарына дипломдар мен сыйлар тапсыру – «Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін»; «Жасыл» жобаларды сәтті жүзеге асырғаны үшін» және «Жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру мен алға жылжытудағы үздік тәжірибиелер үшін.
«Жасыл Қазақстан» атты «Жасыл» экономика көшбасшыларының І Республикалық Форумының ұйымдастырушысы: Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасының және «Жасыл Көпір» Серіктестік Бағдарламасының танылған қоғамдық провайдері – Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы.
Форумның стратегиялық серіктесі - G-Global халықаралық хатшылығы.
Форумның серіктестері – Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілі, БҰҰ Даму Бағдарламасы, «АлбаСтройДор» ЖШС.
Форум жайлы толық ақпарат www.greenkaz.org сайтында