Британияда мектеп директоры мектеп фондының қаржысын күйеуіне ноутбук алып беруге жұмсап сонымен бірге Нью-Йоркке саяхаттауға жұмсақшы болған. Бастауыш мектеп фондының қаржысын екі жыл бойы ұрлап өз мүддесіне пайдаланып жүрген мектеп басшысына қатысты сот процесі өтті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. Жиналған қаржымен АҚШ-қа саяхаттауды жоспарлап, екі мың фунтқа күйеуіне ноутбук алып берген.
45 жастағы Мелани Роуз Лондондағы Ben Jonson Primary School мектебінің директоры және Британия білім беру стандарттары комитетінің инспекторы қызметтерінде болған.
Мелони Роуз 2009 бен 2013 жылдар аралығында мектеп фондының ақшасын тонаған. Осы аралықта мектептің рейтингісі де «қанағаттандырарлық»-тан «жақсы»-ға дейін көтеріліп күдік туғызған көрінеді. Ақша ұрлау мәселесіне байланысты сотталған Мелани өзінің кінәсін мойындамаған.