Uber компаниясы: 2020 жылға қарай ұшатын автокөліктер қолданысқа енеді

/uploads/thumbnail/20170710042341939_small.jpg

Белгілі бір орынға жету үшін такси немесе жеке жүргізушілерді іздеу, шақыру қызметтері бойынша онлайн жұмыс істейтін Uber компаниясы 2020 жылға қарай өзінің ұшатын автокөліктерін ұсынатыны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі USA Today-ге сілтеме жасап.

«Қала ішіндегі авиация - Uber компаниясының кезекті қадамы» деп хабарлады өнімдерді ұсыну бөлімінің бас меңгерушісі Джефф Холден.

Ұшатын автокөліктерді қолданысқа енгізу адамдардың уақытын тиімді пайдалануға және жолдағы кептеліс санын азайтуға өз септігін тигізеді. Қоршаған орта мен ауаның ластануына біршама шектеу қояды. Uber компаниясы «тетікті бас та, ұш» деген мүмкіндік шындыққа айналуы үшін жұмыс істеп жатыр деп хабарлады.

Компания жоспарымен бөліскен жаңа үлгідегі көліктерді Дубайда өтетін әлемдік деңгейдегі World Expo-2020 көрмесіне ұсынатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Uber такси әлемнің 70 мемлекетінің  570 қаласында қолданысқа ие.

Аударған: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар