21 жастағы Үндістан тұрғынының денесі 160 жастағы егде адамға тән. «Прогерия» диагнозымен өмір сүріп жүрген ол бүгінгі күні дертке шалдыққандардың ішіндегі ең жасы үлкені екен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Осыған дейінгі прогерия дертімен ауырған Оңтүстік Африкалық ер адам 26 жасында қайтыс болған.
Рупеш Кумар ата-анасымен бірге тұрады. Аса танымалдылықа ие Рупешті көп адамдар сатып алуға ұсыныс жасаған.Оны циркке жұмысқа тұрғызу керек деген пікірлер мен ұсыныстар да халық арасында таралған. Алайда ата-анасы Рупешті емдету үшін мемлекет министрлігіне хат жазғандарын айтып, үміттерін үзбейтіндіктерін жеткізген.