Аурудан сұлуға айналған бойжеткеннің оқиғасы

/uploads/thumbnail/20170710042736880_small.jpg

Инстаграм әлеуметтік желісінде отырып әдемі әрі шымыр денелі қыздардың суреттерін көріп жатамыз.  Мыңдаған адамның назарын аударып отырған бойжеткендердің сурет артына не жасырғанына назар аудара бермейміз. Тіпті кейде ол қыздардың дәл осы қалпына қалай жеткені жайлы ойлана бермейміз.

Мариана Сфакианакист атты нәзік қыздың әлеуметтік желідегі парақшасын қарай отырып өжеттігіне қайран қаласың.

Бір қарағанда, Сидней қаласының тұрғыны Мариана Сфакианакистің жүктейтін суреттері өзге де сұлу қыздардың суреттерінен аса қатты ерекшеленбейді. Мінсіз мүсін мен түрлі селфилерден тұратын жүздеген суреттер жүктеліп жатады. Мариананың инстагарам желісінде 52 мың жазылушысы бар. Ал сұлу қыздың дәл осы қалпына жету жолындағы қиындықтарын екінің бірі біле бермейді.  

Мариана парақшасына өзінің бала күніндегі суреттерін жүктеген болатын.  Өзінің бала күнінде физиологиялық ауруы болғанын да жасырмады. Ауру аздырған жас қыздың қалай сұлу бикешке айналғаны жайында айтып берді.

Марианаға аяғы ауыр анасына дәрігерлер нәрестенің өлі дүниеге келетінін айтқан.  Тіпті дүниеге келмеген баланы құтқаруға еш әрекет жасамаған. Сәби мерзімінен бұрын дүниеге келеді.  Бірақ медициналық қамқорлықтың жетіспеушілігінен ауруға душар болады. Мариана біраз уақыт оттегінің жетіспеушіліне байланысты мидың жартылай зақымдануы мен сал ауруына  ұшырайды.

6 жасқа дейін Мариананың өмірі күйзеліске толы сынақпен өтеді. Бұл қызға ота жасалғанға дейінгі жағдайы . Ота жасалғаннан кейін Мариана өз аяғымен жүре бастайды . 8 ай бойы аурумен күресіп, тынымсыз еңбектің арқасында ауруды жеңіп шығады.

Бүгінде Марианна өз арманыңа жету жолында ешқашан берілмеу керек екенін айтады. Өзінің әлеуметтік желідегі достарына үлгі көрсетіп, өзіңді-өзің шыңдау арқылы кез келген қиындықтан шығуға болатынын айтты.

 

Аударған: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар