ЭКСПО-2017 қауіпсіздік қызметінің бастығы із-түзсіз жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170710043900952_small.jpg

Берік Құсайыновтың туысқандарының айтуынша, ол 22 сәуір күні кешкі сағат жеті шамасында достарымен балық аулауға Сабынды ауылына кеткен . Содан бері Беріктен еш хабар жоқ деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасай отырып. Бүгінде Берікті іздестіру жұмысы қарқынды жүруде: іздестіру жұмысына тікұшақ, су сүңгіштері, кинологтар, еріктілер жұмылдырылған. informburo.kz редакциясы жоғалған адамды Қазақстанда былай кең масштабта іздемейтініне баса назар аударады.

Хабар-ошарсыз кеткен Берік Құсайыновтың жұбайы Дана Қабдыкешева сол күні күйеуінің балық аулауға барғысы келмегендігін айтты. Алайда «Бастықтары да балық аулауға баратын болғандықтан Берік амал жоқтықтан келісті. Ол «ЭКСПО-2017-нің қауіпсіздік қызметінің бастығы» деді Дана.

Берік Құсайынов жайлы кез келген ақпарат білетін азаматтар мына нөмірге байланыса алады: - 8 702 666 02 43, 8 708 938 66 25.

Аударған: Жазира Байдалы

Қатысты Мақалалар