Қамшы агенттігіне техникалық жаңалықтар қосылды (NEW)

/uploads/thumbnail/20170710043921828_small.png

Интернет технологиясының мүмкіндіктерін толық пайдалану мақсатында, Қамшы сайт жүйесіне техникалық жаңалықтарды қосты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Qamshy.kz оқырмандарына төмендегідей техникалық жаңалықтарын қуана хабарлайды.

1. Үш әліпбиде (латын, төте, кирилл) ақпарат тарату функциясы жаңартылды әрі кемелдендірілді.  Қазақ тілінің әр кезеңде қолданған графикалары Әлемнің әртүрлі аумақтарындағы оқырмандарымыздың бізден еркін ақпарат алуын қамтамасыз етеді.

2. Аудиолы ақпарат функциясы іске қосылды.  Қамшы жаңалықтарына бұдан бастап аудиоподкаст жүйесін қосты. Енді сіз өзге шаруаңызды істеп отырып та Қамшыдан жедел әрі өзекті ақпарат ала аласыз. Ол үшін мақалалар тақырыпшасы шетіне орналасқан ойнату белгішесін түртсеңіз болғаны.

3. Кері байланыс. Мақала жариялаған авторлар немесе мекеме мен оқырман арасында тіке байланыс орнатылады. Бұдан былай материал ұсынушы қаласа мақалаға қалдырылған пікір бірден автор тарапының электронды поштасына келіп түседі. 

4. Мақаланы бағалау жүйесі қосылды. Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман пікірін ескеру мақсатында сайтқа жарияланған материалдар соңына бағалау жүйесін қосты. Бұдан былай сіз өзіңіз оқыған материалдарға бағалау жасай аласыз.

 

Құрметті оқырман, Қамшы Сіздерге ақпараттық қызметте аянып қалмас үшін техникалық мүмкіндіктерін бұдан да озық деңгейге жетілдіруге жұмыс істейді. Қолыңыздан «Қамшы» түспесін!

Қатысты Мақалалар