Гипноз және барокамера. Ресейде гомосексуализмді қалай емдейді?

/uploads/thumbnail/20170710043931219_small.jpg

57 жасар  АҚШ-тың  48- вице-президенті  Майк Пенс  өзінің  жас  кезінде  гомосексуализмнен емделгенін  айтты.

"Құдайдың  бұйырумен, көптеген  терапевтердің нәтижелі  жұмыстарының  арқасында  тура  жолға түстім. Егер  былай  болмағанда, мен  үйлене  алмас едім", -  дейді.

Гомосексуализм  терапиясы -  бұл психологиялық ақыл-кеңес, яғни гомосексуалды немесе бисексуалды  қатынастан  гетеросексуалды қатынасқа бағыттау. Әдетте, дәрігерлер бұны жалған ғылымға  балағанымен, оның  пайдасы  тиіп жатқанына сенетін  адамдар жетерлік.

Пенсаның   емделгені  туралы  ақпарды  кейбір басылымдар  жалғанға  шығарғанымен, оның гомосекуализм  терапиясына  сенетінін  және бюджеттен  қаржы  бөлу арқылы оның дамуын қолдайтыны  жөнінде  негіз  бар.

1990 жылы гомосексуализм ресми түрде ауру болып саналмайтын болды. Әлемдік  денсаулық  сақтау ұйымы  бұл  аурудың  түрін  классификациядан шығарып  тастағанымен, гомосексуализмді Ресей мен АҚШ-та  емдеу жалғасуда.

Гипноз 

"Шыныменде, гейлер маған емделу үшін кезекке тұрады", -  дейді Ян Голанд деген Нижегородтық психотерапевт. Оның сөзіне қарағанда, ол 78 адамды жарты ғасыр ішінде дәстүрден сырт әдістермен емдеп жазыпты. Бірақ лесбиандардың келуі сирек дейді.

Голанд гомосексуализмді 100 пайызға емдеп жазатынын сеніммен айтып отыр.

«Иә, маған Кеңес үкіметі тұсында министрлер  мен генералдар да келген, және мен олардың отбасымен мансабын сақтап қалуларына көмектестім»,- дейді ол.

Сол үшінде Голанд бәрімен бірдей жұмыс істей бермеді. Ол келген емделушінің ауруды жеңуге шамасының жетер жетпесін алдымен сезіп алады екен.

Мысалы біз жіберген Лайфа есімді тілші қара тізімге енген болатын.Ол бірінші Голандқа хабарласып өзінің құрбысының лесбиан екендігін айтып,жазылып кетуін қалайтындығын жеткізген.

"Міне, жарты жылдан бері бір еркекті емдеп жатырмын, -дейді ол. –Ол маған сол уақыттан бері шамамен 1 млн. 600мың рубль төледі. Менде алатын бір кеңестің бағасы 7мың"

Голандттың айтуы бойынша, ол адамдарды гипноз және психоанализдермен аутотренингтермен емдейтін көрінеді.

Барокамера және дәрі-дәрідәрмек

Кәсіби сексолог-дәрігерлер қоғамының президенті  Евгений Кульгавчук  мүлде басқа әдіспен емдейді екен.

Бұл қоғам мінезді психотерапия негізінде құрылған. Ол пациентке дұрыс мінездің моделін көрсестеді, яғни дәрігердің айтуы бойынша ол еркектерге әйелдермен қалай романтикалық қатынасқа түсуді үйрететін көрінеді. «Негізінде әр-түрлі тәсілдер қолданылады және бұл дәрілік терапия, қосымша ынталандыру»,-дейді ол.

"Сіз барокамерада боласыз, әйел көрсеткен кезде қысым жоғарылайды", - деп Евгений гей кейіпінде кеңес алуға келген тілшіге айтқан сөздері бар. "...Пациенттің сұрауымен жынысты емдеуге болады. Павловтың рефлексі есіңізде ме, жоқ па? Ит, шам, ләмпішке.Ет бермеді, ләмпішке өшіп қалды".

Кейін Кульгавчук бұл әдістердің теориялық қана, және ненің бар екендігін көрсету деді. Оның курсына қатысу гейлер үшін 70 мың теңгені құрайды екен.

Мидағы электродтар

 

Сексолог Владимир  Файнзильберг гомосексуализмнің түрлерін былай деп түсіндіреді. «Туылғаннан болатын түрі - еркектің өзін әйел деп сезінуі, және екіншісі өсе-келе тәрбиеден болатын түрі, үшінші тобы шизофрения сияқты психикалық аурумен ауыратын адамдар тобы. Алғашқы екі түрін емдеудің қажеті жоқ, ал үшінші түрін  емдеу шарасы психикалық ауруға бағытталады»,- дейді сексолог.

«Қазіргі зерттеулер орталық жүйке жүйесінен генетикалық ауытқулар таппаған, және міне, мына ген гомосексуализмге жауап береді дейтіндей жағдай мүмкін бола қойған жоқ», - дейді Владимир Файнзильбург.

«Бүгінгі күні біздің елімізде (Ресей) гомосексуализм сырқат болып саналмайды. Бұл әркімнің өз қотырына айналып кетті» ,- дейді сексолог Владимир Файнзильберг. "Ғалымдар неліктен адамдар гей мен лесбианға айналуы мүмкін екендігіне жауап таба алмауда", -  деп сөзін аяқтады.

Қызық, ертеректе гомосексуализмді аталғандарданда  қатаңдау әдіспен емдеген көрінеді. Мысал ретінде америкалық нейрохирург Роберт Хиттің 70-і жылдардағы тәжірибесін келтірсек.

Пациент Б-19 (аты белгісіз) еркекке құмартқан адам ретінде емделуге келген. Нейрохирург электродтарды миға қондыру арқылы  оның сезім орталығын оятқан. Және осы электродтарға арнайы пульттің көмегімен әсер етуге болады.

Нәтижесінде Б-19 ол әдетінен арылып нәтиже берген екен.

Алайда ғылыми қоғам Роберт Хиттің әрекетін этикаға жат деп айыптады. Университеттен қуып, ғылыммен айналысуына тыйым салынған көрінеді. Ал электродты  емделуші жайында бәрі жабулы қазан жабулы күйінде қалды.

Бәтшағардың  еркектерге  қызықпайтыны  белгілі болды, бірақ әйелдерге де дәл солай. Алайда оның қолында әрдайым ләззатты сезінуге мүмкіндік беретін пульт қалды ғой. Бір қызығарлығы осы адамда сол пультке   батарейка бар ма екен?

https://life.ru/

 Аударған: Арафат Дербесұлы  

Қатысты Мақалалар