Ресейдегі «Эхо Москвы» атты радиостанциясының «Осбое мнение» атты бағдарламасында Михаил Веллер есімді атақты жазушы шу шығарды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Михаил Веллер мен бағдарлама жүргізушісі Ольга Бычкова Франция еліндегі сайлау туралы сұхбаттасып отырған. Кенеттен жазушы өзінің сөзін бөлгені үшін Ольга Бычковаға ашулана бастады. Бағдарлама жүргізушісі барынша сабырға шақырғанымен, ашуға ерік берген жазушы микрофонды жерге лақтырып, ыдыстағы суды төгіп, студиядан кетіп қалды. Кейін бағдарламаның жүргізушісі тыңдармандарынан Михаил Веллер үшін кешірім сұрады.