Қоғам қайраткері, белгілі ақын Олжас Сүлейменов Ұлы Отан соғысының жеңіпаздарына арналған форум кезінде сөз сөйледі. Қазаққа танымал ақын Олжас Сүлейменов үшінші дүниежүзілік соғыстың болатынын ескерте келе, халықты бірлікке шақырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.
«Ұлы Отан соғысы таңқаларлық және адам шошытарлықтай нәтиже әкелді. Бұл ортақ қайғыны жасауға біздің бауырлас халықтар да өз үлесін қосқан еді. Біз үшінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында тұрмыз. Біздің әрқайсысымыз осы туралы хабардар болуымыз керек. Кез-келген саяси қателік бірлігімізге нұқсан келтіруі мүмкін. Біз осындай масқара соғыс қайталанбасын деп Жеңіс мейрамын тойлаймыз»-, деді Олжас Сүлейменов Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысының жеңімпаздарына арналған форумда.
Сонымен бірге ақын соғыс кезінде қазақ халқының қандай ерліктерге барғандығын да атап өтті. 300 мыңнан астам қазақ батырлары жау оғына кеудесін тосып, өз өмірлерін құрбан етті. Ұлы Отан соғысының жеңімпаздарына арналған халықаралық форум Қазақстанның астанасында алғаш рет болып отыр.