АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News-ке берген сұхбатында АҚШ президенттігінде сегіз жыл болтанын мәлімдеген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Төрт жылдық президенттік мерзім жеткілікті бола ма деген журналист сұрағына жағдайға қарай көрерміз деп жауап берген президент:
-Көп уақыт кетуі мүмкін, алайда біз өте жақсы жұмыс жасап жатырмыз деп есептеймін. Тарихта 100 күн ішінде мен секілді ешкім көп жұмыс тындырмаған болар. Мен осыған дейін де айтып келген болатынмын, төрт жыл емес сегіз жылда барлығы болады-деді Трамп.