Ресей КХДР-ның зымыран сынағынан кейін Қиыр шығыстағы антизымырандық қондырғыларын дайындау жұмысына кірісті. Бұл жайында РИА Новости-ға қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Федерация Кеңесінің бастығы Виктор Озеров мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news-ке сілтеме жасап.
«Ресей КХДР-дағы жағдайға қатысты сақтық шараларын жүргізуде. Ресейдің Қиыр шығыстағы антизымырандық соғыс дайындығы өте жоғары. Біз РФ-ның әуе күштері міндетіндегі әуе кеңістігін бақылауда ұстаймыз», - деп мәлімдеді Озеров.
Сенбінің кешінде Солтүстік Кореяның балистикалық зымыран ұшыру сынағы сәтсіз өткен болатын. Оңтүстік Кореяның әскерилері хабарлағандай, зымыран Пхеньян маңындағы Пхенан-Намдо провинциясынан ұшып, көп ұзамай жарылып кеткен.
Дәл қазір мамандар зымыран түрін анықтау үстінде.
Бұл сәуір айының басынан бергі үшінші зымыран сынағы.
16 сәуірдегі зымырандық сынағыда сәтсіздікпен аяқталған болатын.