Радио және телевизиялық бағдарламаларда күйеу жігіт немесе қалыңдық іздеуге орын жоқ деп мәлімдеді Түркия билігі. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі korrespondent.net-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түркия билігі таныстыруға арналған телевизиялық шоуларға тыйым салғаны жөнінде жергілікті БАҚ өкілдеріне хабарлаған. Бұл бағдарламалар отбасылық құндылықтарды қате түсінуге және жастардың тәрбиесіне әсер ететіндігін ескерткен.
Еске сала кетсек, жақында Түркия билігі «Уикипедия» сайтын да бұғаттап тастаған болатын.
Пікір қалдыру