Назарларыңызға адам сенгісіз 10 қызықты деректі ұсынамыз:
- Америка мен Ресей арасы бар болғаны 4-ақ километр!

- Көріп отырған Роллс-Ройс көлігінің алдыңғы жағында орналасқан кішкентай мүсінше бағасы 5000 АҚШ долларын құрайды.

- Иран туында «Аллаху-Акбар» сөзі 22 рет жазылған

- Сіз туған күніңізді әлемдегі шамамен 20 миллион адаммен қатар тойлайсыз.

- Әлемдегі адамдардың тең жартысы ұялы телефон қолдануды білмейді.

- Үй шаруасындағы әйел үй шаруаларын жасай жүріп, күніне орта есеппен 11 шақырым жүреді.

- Өтірік айтып тұрған адам көбінесе сіздің сол жағыңызға жоғары қарайды.

- Адам тамақ жеуге өмірінің 5 жылын жұмсайды.
- Әлемде ең көп таралған есім – Мұхаммед.

- Мона Лизаның қасы жоқ. Қайта өрлеу дәуірінде Флоренцияда қассыз әйелдер көрікті болып есептелген.

Материалдарды жинаған: Алина Болатбек