Өскеменде өз әйелі мен енесін өлтірген ер адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20170710045256915_small.jpg
Өскеменде полицейлер саяжай учаскелерінің бірінен екі әйелдің мәйітін тапты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
 
"Светоч" бағбаншылық қоғамы қарауылының айтуынша, 28 сәуір күні саяжай иелерінің бірі өзінің жұбайы мен енесін өлтіріп, олардың денесін жерқоймаға тығып қойған. Қарауылшының сөзіне қарағанда, 30 сәуір күні ер кісі полицейлерге барып, өзінің қылмысын мойындаған.
 
Оқиға орнына жедел топ жетті. Шығыс Қазақстан облыстық ІІД әзірге бұл оқиға жайлы ешқандай ақпарат бермей отыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.
 
Күдіктінің кәмелетке толмаған ұлы ата-анасының қамқорлығынсыз қалды: оның анасы мен әжесі қаза тапса, әкесі - тергеу оқшаулағышында.

Қатысты Мақалалар