Алматыда таңғы сағат 5-тер шамасында жол көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Көлік ішінде келе жатқан алты адамның біреуі оқиға орнында қаза тауып қалғандары ауруханаға жеткізілді.

Mitsubishi Galant көлігімен Ақан Сері мен Жұмабаев көшелерінің қиылысымен келе жатқан көлік жүргізушісі автокөлікті басқара алмай кеткен.




Жол шетіне шығып кеткен көлік ағашқа соғылған. Жолаушылар ішінде зардап шеккен екі қыз ауруханаға жеткізілді. Тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі зардап шекпеді.