Германия канцлері Ангела Меркель Сауд-Арабиясына келген іс-сапарында дресс-кодқа сай басына ормал тағудан бас тартты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Король Салман бин Абдул-Азиз әл-Саудпен кездесу барысында Меркель орамал тақпаған.
Бұған дейін Сауд-Арабиясында болып, орамал тағудан бас тартқандар: Ұлыбритания премьері Тереза Мэй, АҚШ экс-мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, АҚШ-тың бұрынғы ханымы болған Мишель Обама.
Mitteldeutscher Rundfunk тілшісі Ангела Ульрихтың мәліметінше, канцлердің жанындағы тілшілер де дерсс-кодты ұстанбаған. Сонымен қоса 2 жыл бұрын Сауд-Арабиясына келген неміс делегациясын вице-канцлер Зигмар Габриэль бір қорап ұлттық киімдермен қарсы алған.