Қазақстанның кей аймақтарында шаңды дауыл тұруы ықтимал

/uploads/thumbnail/20170710045401635_small.jpg

Еліміздің кей жерлерінде тұман күтіледі, шаңды дауылмен желдің күшеюі болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  шығыс және оңтүстік-шығыс  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, калған аймақтарында жауын-шашынсыз, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитеті.  

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертен Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с  болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
 

Қатысты Мақалалар