Сирияға тапсырмамен барған FBI агенті ДАИШ террорисіне тұрмысқа шыққан

/uploads/thumbnail/20170710045412745_small.png

АҚШ-тың экс-FBI қызметкері  Даниэла Грин 2014 жылы Сирияға аудармашы ретінде тапсырма орындауға барған. Сонда ол «ДАИШ» террористік тобының содыры Денис Куспертке тұрмысқа шыққан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі CNN-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Даниэла Грин содырға АҚШ үкіметі оған қарсы ұйымдастырған іздеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны туралы алдын-ала хабарлап айтқан. Арада бірнеше апта өткен соң Даниэла өз қатесін түсініп, еліне қайта оралған.

Ол тергеу әрекеттері кезінде өзінің жалған жауап бергенін мойындап, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын.  Грин өз жазасын өтеп 2016 жылдың жазында бостандыққа шыққан.

Денис Кусперт Германия азаматы, «ДАИШ»-ты насихаттау, үгіттеуде белсенділік танытқан, видеороликтерде адамның кесілген басын ұстап көрінген террористердің бірі. Бүгінде АҚШ үкіметі FBI қызметкері  Даниэла Гринге қатысты жазаны жеңіл етіп тағайындан деген секілді пікірлер айтылуда.

Қатысты Мақалалар