Астана әуежайында багажда жарылғыш құрылғы бар деп мәлімдеген Ауғанстан дипломаты 3 сағатқа жуық қамауда болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Өз қызметін атқарып, Кабулға қайтпақ болған Ауғанстанның бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Бараки Астана әуежайында ұсталды, деп хабарлайды ауған арнасы 1TV.
Ауғанстан ұлттық әскерінің бұрынғы басшысы Қадам Шах Шахимді елші етіп тағайындаған соң дипломат Қазақстандағы қызметін аяқтаған болатын.
Мохаммад Фарук Бараки өз еліне қайтуға жиналып жатқан, бірақ әуежайда келеңсіз жағдай орын алады. Кеденшілердің сұрағына дипломат ашулы түрде бома бар екенін мәлімдеген. Бұрынғы елшінің абайсызда шыққан мәлімдемесі жедел шаралар қолдануға мәжбүр етті.
Әуежайға кірер жолдар жабылып, оқиға орнына жүзден аса арнайы қызметкерлер жіберілді. Дипломат 3 сағатқа жуық қамауда болды. Қазақстанның СІМ қызметкерлері Баракиге жақтасқандықтан жолын жалғастыруға рұқсат еткен.
Болған оқиғадан соң бұрынғы елші әуежай қызметкерлерінің арасында туындаған түсінбестікті айыптап, багажына байланысты айтқаны қалжың екенін мәлімдеді.