«Бомждар» үйленіп, ерекше той жасады (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710045729326_small.jpg

 Ғашықтардың бұл қуанышына 20-дан астам тұрғындар ортақтасқан болатын. Үй-күйсіз жүргендер некелерін қиырып, той жасады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.

38 жастағы Оксана мен 45 жастағы Юрий бірнеше ай бойы бірге өмір сүрген. Бұл ерекше жұп Орал қаласындағы үй-күйсіздерге арналған уақытша баспанада танысқан.   Еркіндіктен айырған осы уақытша баспанада олар бірнеше жылдарын бірге өткізді. Олар үйлері мен құжаттарын да жоғалтып алған, ал туыстары осы қиын сәтте көмек көрсетпеген.  Уақыт өте келе Оксананы туыстары үйіне шақырса да, Оксана Юрийге деген махаббаты үшін бас тартқан.

Осы уақытқа дейін Юрий Оксанаға бірнеше сыйлықтар жасап, қуантқан болатын. Таңғы асқа жұмыртқа пісіріп, өзі оятады, ойыншық тауып алып Оксанаға сыйлайды. Осы секілді оқиғалардан кейін Оксананың жүрегі жібіп, оған деген ерекше сезім пайда болады.  8-наурыз мерекесінде Юрий өз сүйгеніне ұсыныс жасап, оның келісімін алады.

«Біз бірге тұрғымыз келеді, ал біздер тұрып жатқан уақытша баспанада тойға дейін бірге тұруға болмайды. Біз бір-бірімізді жақсы көргендіктен неке қидыруды жөн санап отырмыз. Оксана - менің өмірімдегі ең қымбат жан»,- дейді Юрий.

Уақытша баспананың қызметкерлері ғашықтардың құжаттарын қайта жасатқан. Олар некелерін қидырып болған соң, бірге қол ұстасып серуендеді.  Қонақтардың қатарында үйсіз жүргендер, баспана қызметкерлері, тіпті кішкентай  торай да болды. Торайды Хрюша деп атайды екен. Оксана мен Юрий Хрюшаны өз баласындай көріп, тамақтандыруды әдетке айналдырған.

Олар бұл айтулы күні отырыс жасап, би биледі. Отырыс кезінде ішімдік қойылмаған.  Өздері әңгіме дүкен құрып, балаларға арналған алаңда суретке түсті. Суреттері де тойлары секілді ерекше болды. Олардың бір-біріне деген көзқарастан өзгеше сезімнің барын байқайсың.

 Олар үшін бұл күн естен кетпейтін, ерекше күн болары сөзсіз.  Бұл жиі бола бермейтін таңқаларлық оқиға. Бірақ ең бастысы олар бақытты. Олар үшін өзгелердің пікірі қызықтырмайды. Бірнеше жылдық  қателіктерден кейінгі ең  дұрыс шешімдері де осы болар.  Ғашықтардың енді кезде қорғанышы, кез-келген қиындықта қолдай білетін сүйікті адамы болады. Осы шешімнен кейін де жылдап іздеп, әрең тапқан тура жолдарынан адаспаса болғаны. 

Қатысты Мақалалар