Ғалымдар өмірдің жаратушының қатысынсыз пайда болғандығы туралы баяндаманы тәжірибе жүзінде растады.
Германия мен АҚШ ғалымдарының айтуынша, кішкентай тамшылардың түрлі химиялық реакцияларға түсуі өмірдің қалыптасуына алып келді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі naked-science.ru -ға сілтеме жасап.
Әліде креационизм теориясы, яғни өмірді Құдайдың жаратқаны жөніндегі сенім қоғамда танымал түрде қолданылып келеді.
Сонымен бұны олқылық санап, оның орнын толтыру үшін Германия мен АҚШ мамандарының зерттеулері пайдаланылған.
Жаңа зерттеу жұмыстарында түсіндірілгендей, тамшылардың сыртқы энергия қорының сақталу жүйесіне әсері термодинамикалық тепе-теңдіктен алшақ.Бұл жағдайда, химиялық реакциямен өндірілетін тамшы материялының қоспасы тамшының өсуін бақылауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар тамшылардың өсуі жүріп жатқан химиялық процестер формасының тұрақсызданатынын және екі кіші тамшы бөлінетінін түсіндіреді. Химиялық активті тамшылар ұғымы - пролиферация, яғни организм ұлпасының ұлғаюы клеткалардың бөлінуі арқылы көбейетін циклға саяды.
Бұл зерттеу автордың пікірінше, активті тамшылардың бөлінуін - тамшылардағы химиялық реакциялардың пребиотикалық метаболизм рөлін ойнайтын пребиотикалық протоклеткалардың моделі ретінде қарастыруға болады деген.
Ғалымдардың бұл жайлы мақаласын Nature Physics журналынан оқуға болады екен.