Колумбиялық азаматша бұрынғы күйеуімен ақша бөліскісі келмей $9000-ды жеп қойған деп мәлімдеме жасады жергілікті прокуратура. Бұл оқиға Сантандер колумбиялық басқармасында орын алған. , алайда ақшаны сұрап қала ма деп қорқып, қызғанып, қомақты қаржыны жеп қояды. 28 жастағы әйел сүйіктісімен айырылысып, Панамаға көшпекші болған, алайда ақшаны сұрап қала ма деп қорқып, қызғанып, қомақты қаржыны жеп қояды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Қазіргі таңда әйел ауруханада жатыр. Ақшаны дәрігерлер ішінен алған. Бірақ $5700-ды бұзылмаған күйінде ала алған, ал қалған $3300-і жарамсыз болып шықты. Жергілікті биліктің әйелге тағар кінәсі, шағымы жоқ. Себебі бұл ақша оныкі болғандықтан бұл қылмыс болып саналмайды екен.