9-қабаттан қызын итеріп жіберген ананың ісі видеоға түсіп қалды (18+)

/uploads/thumbnail/20170710051219261_small.png

Сұмдық оқиға Украинаның Энергодар қаласында 30 сәуірде орын алған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде әйел адамның 12 жастағы баланы 9 қабаттан итеріп жібергені видеоға түсіп қалған. Видеоны сол үйге қарама-қарсы үйде тұратын куәгер түсірген. Байқағанымыздай, әйел адам қызын жетектеп балконға шығады. Қызымен біраз уақыт тұрды да, балконнан итеріп жіберді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзінше, анасы алдымен қызды қылқындырған, кейіннен балконнан итеріп жіберген. Бұл іс-әрекетінен соң әйел қашып кетпекші болады, алайда ойы жүзеге аспай, Құқық қорғау органдары көкек ананы қолға түсіріп үлгерген. Туыстарының мәліметінше, әйел адамның психикалық ауытқулары бар болғанымен, тізімде есімі болмаған.  

Қатысты Мақалалар