Ғалымдар: адамзат 2050 жылы өз тіршілігін тоқтатады

/uploads/thumbnail/20170710051645718_small.jpg

Ұлттық Ғылым қауымдастығының заңнамалық және қоғамдық департаментінің экс-директоры Джеф Несбиттің мәлімдеуі бойынша, жасанды  интелекттің дамуының  нәтижесінде адамзат өз тіршілігін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ren.tv-ге сілтеме жасай отырып.

Ғалымның айтуы бойынша, осы мәселе төңірегіндегі ғылыми процесстердің нәтижесін хабарлады.  2050 жылға жақын адамдардың барлығы жер бетінен жойылып, өзінің өмір сүруін тоқтатады. Екінші жорамал бойынша, аталған  жағдай адамдардың мәңгі өмір сүруіне алып келеді.

Несбитің теорияны түсіндіруі бойынша, адамзаттың барлық мәселелерін шешетін "жасанды интеллекттердің" жаңа түрі жасап шығарылады. 

Алайда, зерттеуші Рэй Курцвельдің айтуынша, қоғамдағы жасанды ителлекттердің салдарынан келетін қауіп көп емес. Керісінше, терроризм мен биологиялық, химиялық қарулардың кесірінен адамзат жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. 

Рэй Курцвельдің ойынша, қоғамдағы жасанды интеллекттің деңгейі 2029 жылы адамзат деңгейіне жетуі мүмкін. Сол уақытқа дейін ғалымдар этикалық стандартқа сай болуы үшін және Несбиттің теориясының дәл келмеуі үшін еңбектенеді.

Екі ғалымның да ойы бір жерден шыққан тұсы бар. Ол ғалымдар 2030 жылға қарай адам ағзасымен біріктіретін жасанды интеллект ойлап табылатыны жайлы. 

Аударған: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар