Президент істері басқармасының ауруханасы маңында қара киімді адамдар жүр

/uploads/thumbnail/20170710051633030_small.jpg

Бүгін редакциямызға алматылық оқырман хабарласып, қалада бірнеше көше қоршауға алынып, салдарынан көлік кептелісі болғанын айтты. Дегенмен Алматы қалалық ішкі істер департаменті қалада ешқандай төтенше жағдай болмағанын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алматы қаласында дүрлігетіндей ештеңе болған жоқ. Жергілікті полиция қызметкерлері жолда автокөліктерді тұраққа дұрыстап қоюға бағытталған іс шараларды жүзеге асырды. Қоршау немесе біреу эвакуацияланды деген ақпарат жалған. Жолдарды реттеу, жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күнделікті жұмысымыз», - дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алайда Tengrinews.kz сайты Алматыда Фурманов пен Шевченко көшелер қиылысының маңындағы аймақ қоршауға алынды деген ақпарат таратып отыр. Агенттіктің мәліметінше, Президент істері басқармасының ауруханасы маңында қара киімді адамдар жүр.

 

Қатысты Мақалалар