Эммануэль Макрон: Менің Путинге бағынғым келмейді

/uploads/thumbnail/20170710051623327_small.jpg

Франция мемлекетінің басшылығына үміткерлер арасында пікірсайыс өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі tvzvezda.ru сілтеме жасай отырып. Бұл пікірсайысқа «Алға» деп аталатын қозғалыстың  лидері Эммануэль Макрон мен саясаткер Марин Ле Пен қатысты.

Бұл пікірсайысты Ле Пен бастап, Макрон бақылауға алынбаған жаһандануды, тұрақсыздықты, әлемдік соғысты ұсыну арқылы экономиканың құлдыратады деп өз пікірін білдіреді. Сонымен бірге Ле Пен Ресеймен «қырғи қабақ соғысты» бастаудың қажеті жоқ деп ойлайды. «Керісінше, Ресеймен ара-қатынасты дұрыстап, сауда байланысын орнату арқылы жағдайымызды одан әрі жақсарта аламыз»,-  дейді Ле Пен өз пікірін білдіру барысында.

Ал Макрон бұл пікірге мүлдем келіспейді.  Ол әлемге қауіп төндіріп отырған ДАИШ-пен соғысуды жөн санап отыр.

«Сіз саяси өтірік айту арқылы басшылыққа таласқыңыз келеді.Сіз қойылған сұраққа толық жауап бере алмайсыз. Ал мен мүлдем жалған сөйлеп жатырған жоқпын. Мен сіз секілді Путиннің айтқанымен жүргім келмейді. Мен оған бағынбаймын да»,- деп қарсы пікір білдірді Макрон.

Ле Пен өз кезегінде Макронға былай жауап берді: «Кез-келген жағдайда Францияны әйел адам билейді. Ол әйел мен боламын немесе мадам Меркел болады».

Бұл пікір сайыс тікелей эфир арқылы көрсетілді және 2 сағатқа созылды. Көпшіліктің пікіріне сүйенетін болсақ, Макрон 2-кезеңде 60% көрсеткішпен Ле Пенді жеңуі мүмкін.

Қатысты Мақалалар