Сауд Арабиясында ойын-сауық орталықтарының бірінде әйелдер төбелесі орын алған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жәрмеңке барысында хиджап киген әйелдердің бір-бірімен көйлектер үшін ұрысып, төбелескені түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Күзетшілер болса орын алған оқиғаға күліп қараған.