Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны 18%-ға өсті. 2017 жылы олардың саны 2 млрд-қа жеткен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Осы жылы біздің аяқ алысымыз жаман емес. Әлемдік қауымдастықта күшті әрі сұранысқа ие жаңа құралдарды ойлап табуды жалғастырамыз»-дейді желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг. 2016 жылға қарағанда осы жылы табыс көлемі 3,32 доллардан 4,23 долларға дейін жеткен.

БАҚ-тың хабарлауынша, бүгінгі күні әлемдегі адамдардың 27%-ы Facebook әлеуметтік желісін қолданады екен.