Дугин: Ресейге қарсы шыққан Грузия, Украина, Молдова елдерінің шекарасы қиратылды, ал Қазақстан...

/uploads/thumbnail/20170710051720203_small.jpg

Әзірбайжан мен Ресей қарым-қатынасы және таулы Қарабахтағы текетірес, Ресей мен Түркия арасындағы жағдай жайында Александр Дугин өз сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Yenicag.Ru басылымына сілтеме жасап.

 – Ресей мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынасқа қандай баға берер едіңіз?

 – Мен 2000 жылдардың басында Баку қаласында болғанмын. Ал, бүгінгі таңда бұл қала адам сенбестей өзгерді, өте көркем, өте әдемі қалаға айналды. Саясаттану ілімінде «құрылмаған мемлекет» деген термин бар, Әзірбайжан бұл терминге мүлдем қарама-қарсы, бұл ел жақсы дамыған.

Ресей мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты айтар болсам, олар қазір өрлеу үстінде. Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев ЕО Шығыстық серіктестерге арналған бағдарламаны таныстыру шарасына қатысудан бас тартқандығы үлкен іс болды. Оның Ресеймен одақтас болуға деген үлкен талпынысын байқауға болады. Әзірбайжан бұрынғыдай Ресей, Иран, Түркия немесе Батыс елдері арасында шеткі мемлекет болуын тоқтатты, алайда ол аймақтық көшбасшыға айналып келеді. Ресей мен Түркия немесе Ресей мен Иран елдері арасындағы қарым-қатынасқа қарағанда Бакудегі шаралар жақсы бастама болып келеді, яғни Бакудың геополитикалық серіктес ретіндегі рөлі өсуде.

Менің ойымша, орыс-әзірбайжан қарым-қатынасының жаңа кезеңге көтерілетін уақыты келді. Ресейдің таулы Қарабах қақтығысын реттеуі, атап айтқанда, кемінде 5 немесе 7 аймақты Әзірбайжанға қайтаруы басты тақырып болмақ. Ынтымақтастық жақындық тудырмау үшін туындаған трансұлттық альянстар, барлық кедергілер жойылды.

 – Сіздің кедергі деп отырғаныңыз ЕО ма?

 – Бұл ЕО да немесе өзге де бастамалар болуы мүмкін. Еуро одақ прагматикалық идеялар емес өркениетті дамыған бірлікке негізделуі қажет.

Айта кетейін, мен мынадай принципті тұжырымдадым: кез келген посткеңестік елдердің шекараларының бүтіндігі олардың Ресеймен қандай қарым-қатынаста екендігіне байланысты. Егер бір посткеңестік мемлекеттің Ресеймен қарым-қатынасы жақсы болса, оның шекаралық аймағы жақсы болады, ал егер жаман болса, қиратылады. Алайда, оны Ресей қиратады деуге болмайды, сол елдердің өзі Ресеймен кикілжің орнатып, өз шекараларын қорғай алмай қалады. Әзірбайжанның көркейіп келе жатқандығы да осы себептен. Ресейге қарсы бастама көтерген Грузия, Украина, Молдова сияқты елдердің берекесі қашып, шекаралық аймақтары қиратылды.

Ең бастысы бұл тұжырым тек посткеңестік елдер ғана емес, Түркия еліне де қатысты болып отыр. Түркия елінің тыныштығы Ресеймен қандай қарым-қатынаста болатындығына байланысты.

Бұл қарым-қатынаста Алиевтің мерейін үстем еткен өзінің әкесінің ақылын тыңдауы болды. Оның әкесі өзінің өсиетінде Әзірбайжанның тыныш өмір сүруі Ресеймен қандай қарым-қатынаста болатындығына байланысты деп айтқан. Жақсы әрі достық қарым-қатынасты ұстанса, Әзірбайжан аймақтық державалардың ішіндегі еріктісі болады. Иран, Түркия елдері бөлек, ал Әзірбайжан шекарасының қалыпты жағдайда тұруы Ресеймен қарым-қатынасына қатысты болмақ.

Бұл жағдайды Назарбаев кезінде жақсы түсінген, сол себепті де Қазақстан – посткеңестік елдер арасындағы «толық құрылған мемлекеттер» арасындағы ең үлгі тұтарлық ел. Ильхам Гейдарович те дәл осы жолмен келеді.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар