«ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезіндегі мәдени бағдарламаның толық тізімі бекітілді деп, хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.
Шараның жоспары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп әзірленді.
Мәдени-бұқаралық шаралар жаз бойы – маусымнан қыркүйек айына дейін өткізіледі. Бұл кезеңде қала әкімдігімен 647 шара ұйымдастырылады.
Жоспарланған шаралар түрлі форматта өткізіледі: халықтық серуен, мәдени-бұқаралық, отбасылық демалыс, фестивальдер, көрмелер, театрландыырылған және цирк қойылымдары және т.б.
Мұнымен қоса, «ЭКСПО» көрмесінің ресми ашылу және жабылу салтанатын қаланың үш ауданында тікелей эфирден тамашалауға болады – үлкен LED экрандар «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, қалалық алаңда және Студенттік саябақта орнатылады.
Астана қаласының әкімдігі Александр Масляковтың қатысуымен КВН-ның халықаралық жазғы кубогы табысталады.
Шаралардың барлығы «Бірінші арнаның» эфирінен көрсетіледі.
«Барыс Арена» стадионында Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко мен мәнерлеп сырғанаудың басқа да жұлдыздарының кеші өтеді.
Қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен музыка өнеріне қосқан үлесі үшін наградалар табыстаумен «Astana Dausy» халықаралық музыка фестивалін ұйымдастыруға мұрындық болды.
Елордада жаздың үш айында Астаналық, Студенттік, Жерұйық, Президенттік және Арай саябақтарында «Саябақтың жеті кереметі» атты шара өткізіледі.
Қазақ ертегілерінің, «Суық жүрек» мультфильмінің кейіпкерлерінің, Өрмекші адамның және т.б., сондай-ақ, диснейлік кейіпкерлер мен роботтардың қатысуымен 7 тақырыптық бағдарлама көпшілік назарына ұсынылады. Шоу жұмыс және демалыс күндері – күніне 2 рет өтеді.
Жалпы алғанда, саябақтарда балалар мен ересектерге арналған мыңнан аса ойын-сауық шарасы өтеді.
Сулы-жасыл желек ашық аспан аясындағы көрме павильонына айналады. Мұнда ІІІ Astana Art Fest халықаралық фестивалі ұйымдастырылады. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті шараларының бірі. Екі жылда оған әлемнің 10 мемлекетінен 78 суретші қатысқан, ал келушілер саны жартымиллионнан асты. Биыл шараға әлемнің 9 елінен суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, музыканттар мен режиссерлер атсалысады. Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Армения, Украина, Германия және т.б.
Дайын жұмыстар желекжолға 1 маусымнан бастап қойылады, ал фестиваль 10-ы күні ашылады.
Келушілерге халықтық серуен, мәдени-бұқаралық, отбасылық демалыс, фестивальдер, көрмелер, театрландыырылған және цирк қойылымдары ұсынылады.
Олардың бірі дәстүрлі қазақ музыкасының «Астанаға тарту» концерті. Көрермендер «Жетісу», «Арқа», «Сыр» және «Батыс» сынды дәстүрлі ән айтудың төрт мектебінің өкілдерінің орындауында қазақ халқының бай фольклорымен танысады.
Бұдан басқа, халық аспаптары оркестрлерінің «Серпер» фестивалі, үрмелі аспаптар оркестрлерінің «Астана самалы» фестивалі өтеді.
Театр апталығын ұйымдастыру дәстүрі 5 жыл бұрын қалыптасқан. Жыл сайын «Сахнадан Салем» фестивалінде Қазақстан мен шет мемлекеттердің үздік театр ұжымдары бас қосады.
Мәдени-бұқаралық шаралар тұрғын алаптарында да өтеді.
Пригородный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Өндіріс, Железнодорожный, Үркер, Көктал және Промышленный тұрғын алаптарының тұрғындары демалыс күндері қазақстандық артистер мен елорданың шығармашылық ұжымдаарының қатысуымен «Думанды Сарыарқа» концертін тамашалайды.
Әдеттегідей, Елорда күні аясында Астанада қазақстандық эстраданың танымал орындаушыларының концерттері өтеді. Биыл қаланың концерт залдарында «Музарт», «Дервиши» топтарының концерттері, Секен Тұрысбектің және Алтынбек Қоразбаевтың шығармашылық кештері ұйымдастырылады.
Барлық концерттерге билеттер қаланың кассаларында және www.koncertyastany.kz сайтында сатылады.
Ойын-сауық бағдарламалары мен концерттердің 70 пайызы ашық алаңдарда өтеді.
Сонымен қатар, жазда «Астана жұлдызы» ұлттық кәсіби музыкалық сыйлығын табыстау салтанаты өтеді. Шараға отандық эстраданың танымал өкілдері қатысады, және «Үздік жыл орындаушысы» анықталады.
23 және 24 маусымда «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «The Spirit of Astana» қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі өтеді. Сахна төрінде Африка, АҚШ, Македония, Грузия, Венгрия, Ресей, Қазақстан, Башқұртстан, Бурятия және Тува мемлекеттерінің мухыкалық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салады.
15 шілдеде итальяндық музыка сүйер қауым «Звезды Сан-Ремо в Астане» фестивалін тамашалайды.
Отбасылық демалысқа арналған шаралардың бірі «Азия жаңғырығы» X халықаралық цирк өнері фестивалі.
Сонымен қатар, жастарға арналған «Energy Party» электронды музыка фестивалі және «International Street dance Session in Astana» көше биі фестивалі өтеді.
30 маусымнан 2 қыркүйекке дейін әр демалыс сайын «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, қалалық алаңда және Студенттік саябақта ашық аспан аяясында «Есіл кештері» концерттері ұйымдастырылады.
Бұдан басқа, халықаралық көрме барысында Astana Game Fest алғашқы геймерлер фестивалі өтеді. Шара аясында компьютерлік ойындар бойынша халықаралық жарыстар, робототехникадан шеберлік сыныптары, жаңа ойындардың презентациялары, дрондар шоууы және т.б. ұйымдастырылады.
«ЭКСПО» халықаралық көрмесі кезінде өтетін шаралар бағдарламасына спорттық жарыстар да енгізілді.
Мамыр айының ортасынан бастап жексенбі күндері Астаналық, Жерұйық және Студентік саябақтарда Astana Fitness Park шарасы өтеді. Оның барысында кәсіпқой бапкерлердің жетекшілігімен кроссфит, йога, зумба және т.б. бойынша жаттығу жасауға қатысуға болады.
25 маусымда Астанада дуатлоннан үшінші рет қалалық турнир өткізіледі. Оған 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады.
Айта кетейік, Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрмесі барысында өткізілетін шаралар туралы толық ақпарат кестемен бірге www.astanaday.kz сайтында жарияланады.