Марқұмның бетінен және маңдайынан сүюге болады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі muslim.kz сайтының мәліметіне сүйеніп.
Бұған негіз: «Қайтыс болған Осман бин Мазғұнды сүйді және Пайғамбар (с.ғ.с.) жылап тұрған еді» және «Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарды (с.ғ.с.) қайтыс болған соң (маңдайынан) сүйді» деген хадистер.
Бұл екі хадисті де Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен.
Осы мағыналас хадистерге сүйене отырып, имам Науауи: «Марқұмның бетінен етжақын туыстары мен жора-жолдастарының сүюіне рұқсат етіледі» дейді.