Көп күнә жасаған жігіттің қазасына қайғырып, оны жерлегісі келген адам табылмапты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі muslim.kz-ке сілтеме жасай отырып. Бірақ Мұса пайғамбар оны арнайы іздеп келіпті. Марқұмның үйіне кірсе, көп періште жиналып отыр екен. Сөйтсе, марқұм Алланың мейірім-шапағатына бөленіп, сүйікті құлына айналыпты. «Жұрт оның көп күнә жасағанын көрді, бірақ тәубеге келгенін көрмеді» деп уахи етіпті Жаратушы Иеміз.